Жаңалықтар

Алматыда автотұрақ бағасы қымбаттайды

ашық дереккөзі

Алматыда автотұрақ бағасы қымбаттайды

Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Ол Алматының әр аудандарында көлік тұрағы үшін төлем әртүрлі болатынын атап өтті. «Айталық, Алатау, Медеу ауданында, Құлжа тасжолына шығаберісте бір тариф болады. Ал тарихи орталыққа жақын жерде тарифтер көтеріледі. Қаражат бюджет кірісіне жұмсалады», - деді Ерболат Досаев. Әкім қыркүйек айының басына дейін бұл жұмыстар аяқталатынын хабарлады.