Жаңалықтар

«Бес бақайынан айырылды»: Көкшетауда эскалатор әйелдің аяғын қысып қалған

ашық дереккөзі

«Бес бақайынан айырылды»: Көкшетауда эскалатор әйелдің аяғын қысып қалған

Көкшетауда сауда орталығында оқыс оқиға болды. Орталық базар ғимаратында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды. Бес бірдей бақайы жұлынып кетті деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. «Әйел эскалатормен түсіп бара жатып, құлап қалған. Аяғын эскалатор механизмі тартып алды. Бес башпайының травматикалық ампутациясы болды», - деп хабарлады агенттік тілшісіне телефон арқылы Ақмола облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий. Жедел жәрдем 67 жастағы әйелді көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізді.