Оқыс оқиға: Оралда 7 жасар бала саусағынан айырылды

Оқыс оқиға: Оралда 7 жасар бала саусағынан айырылды

Оқыс оқиға: Оралда 7 жасар бала саусағынан айырылды
ашық дереккөзі
Оралда 7 жасар бала ойын алаңында ойнап жүріп саусағынан айырылды деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.  Қайғылы оқиға туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі, қоғам белсендісі Бауыржан Ахметжан Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. Белгілі болғандай, 6 сәуірде Сарытау шағынауданындағы балалар алаңында 7 жасар бала ойнап жүріп, шынашағынан айырылды.
«Сырғанақпен ойнап жатқанда баланың саусағы ағаш тақтай мен темір қаңылтырдың арасына қысылып қалған. Баланың анасы қоғам белсенділеріне жүгініп, олар қылмыстық іс қозғау туралы арызын прокуратураға жолдады», - дейді Бауыржан Ахметжан.
Оқиға орнына жеткен қоғам белсенділері темір тіректердің жылжып кетуіне байланысты тақтайдың астында саңылау пайда болғанын көрген. Б.Ахметжанның айтуынша, спорт кешені 2020 жылы 53,4 миллион теңгеге салынған. Кепілдік мерзімі екі жыл делінген.
«Бұл оқиғаға әкімдік кінәлі. Олар өз нысандарын бақылаусыз қалдырып, жөндеу жұмыстарын жүргізбеген. Ата-аналар да балаларды ойнатарда ойын жабдығын мұқият тексермей, немқұрайлық танытады», - дейді ол.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі науқастың жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенін, дәрігерлер түскен кездегі жағдайын орташа ауыр деп бағалағанын хабарлады. Баланың саусағы кесіліп, дезартикуляциялау отасы жасалған.