Жаңалықтар

Елордада «Run for autism» іс-шарасы өтеді

ашық дереккөзі

Елордада «Run for autism» іс-шарасы өтеді

Елордада «Болашақ» корпоративтік қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасының таныстырылымы өтті. Алдымен «Run for autism» қайырымдылық іс-шарасының қатысушылары №89 «Қыз Жібек» бөбекжайындағы инклюзияны қолдау кабинетін аралады. Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 9 мыңдай балағы аутизм диагнозы қойылған.  2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, оның ішінде 2 256-сы елордада тұрады. Бейресми деректерге сәйкес (ДДҰ деректері) әлемдегі әрбір 54-ші балада аутистикалық спектрдің бұзылуы байқалады. Өкінішке қарай жыл сайын бұл көрсеткіш өсіп келеді. 2015 жылдан бері «Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасында Астана қаласынан 130-дан астам бала білім алды. Жалпы «Болашақ» қоры елордадағы №8, 11, 37, 71, 85, 88, 89, 91, 92 мектепте, сондай-ақ №34 және №89 балабақшаларда инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, толық жабдықталды. «Болашақ» қорының ұйымдастыруымен «Run for autism» қайырымдылық шарасы 29 сәуірде Астананың Триатлон паркінде өтеді. Марафон Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне орай ұйымдастырылмақ. «Жүгіруден өтетін қайырымдылық іс-шарасы – ұйымдастыру жағынан айтарлықтай ауқымды және маңызды оқиға. Оның үстіне, серіктестеріміз бен тұрақты достарымыз қолдағанына өте қуаныштымыз. Бүгінде бұл жарысқа жүздеген адам тіркелген. Қатысушылар саны әлі де артады деп сенеміз. Мұндай марафонның тұрақты әрі танымал іс-шараға айналғанын қалаймыз. Сонда қоғамымыз ашылып, ерекше балаларға деген стигматизациялау азаяр еді», - деді «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан. Марафон кезінде «Көңілді старттар» ойын-сауық эстафетасы ұйымдастырылады. Жүгіруден өтетін жарысқа кәсіби спортшылар, жеңіл атлетшілер, әуесқой спортшылар, ерекше балалар, ата-аналар және т.б. қатысады. Жарыс 1, 2,5, 5 және 10 шақырым қашықтыққа өтеді. Қатысу құны – 4 990 теңгеден 7 990 теңгеге дейін. Қайырымдылық шарадан жиналған қаражат «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аясында аутизм және басқа да менталдық бұзылушылықтары бар балаларға жәрдемдесуге жұмсалады.