Жаңалықтар

Қазақстанда телерадиоарналар хабар таратуын тоқтатты

ашық дереккөзі

Қазақстанда телерадиоарналар хабар таратуын тоқтатты

Қазақстанда 21 сәуір күні телерадиоарналар хабар таратуын тоқтатты деп хабарлады turkystan.kz. «Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралында сервисті жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. «Осыған байланысты, 21 cәуір күні сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргіземіз», – делінген хабарламада. «Қазтелерадио» уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеді.