Түркияда оқ жарақатын алған жігітке 200 мың доллар керек

Түркияда оқ жарақатын алған жігітке 200 мың доллар керек

Түркияда оқ жарақатын алған жігітке 200 мың доллар керек
ашық дереккөзі
Түркияда оқ жарақатын алған жерлесіміз Ыстамбұлға қызын емдету үшін барған. Бегалы есімді 32 жастағы жігіт қатерлі ісікпен ауыратын қызын химиотерапиядан өткізіп, отаға дайындап жүрген. Жолай өтіп бара жатып, көшедегі атысқандардың оғы тиген Бегалының жағдайы қазір жақсы, ол жуырда ауруханадан шығады деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияровтың сөзінше, оның денесіндегі оқты дәрігерлер алып шыққан.
«Менің жағдайым жақсы, отаны жасап, дәрігерлер оқты денемнен алды. Бүгін-ертең ауруханадан шығамын, бұл жерде жата беретін уақытым жоқ, өйткені кішкентай қызымызды емдеуге алып келгенбіз», - деген Бегалы Талипов СІМ өкілімен сөйлескенде.
Ыстамбұлдағы Қазақстан дипломаттарының көмегімен ота тегін жасалған. Елшілік әлі де көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді. Министрліктің мәліметінше, Бегалының отбасына қазіргі сәтте 200 мың АҚШ доллары керек.
«Әңгіме барысында тек қана қызын ойлап отырғаны байқалды, дауысы және көңіл-күйі көтеріңкі екен, екі сөзінің бірі - қызым-қызым дейді. Аман-сау қалғанына қуанып отыр, сондай жарқын жомарт жігіт екен. Енді Бегалы бауырымыздың Айым атты кішкентай бүлдіршіні туралы айта кетейін. Түркияда қараша айынан бері қатерлі ісік ауруын емдеп химиотерапия өтіп жатыр, арнайы ота жасау қажет. Бірақ, өздеріңіз білесіздер, рак ауруын емдеу қомақты қаражатты талап етеді. Бегалы қызының еміне кішігірім сома жинап қойыпты, соны өзіне қимай, Айымның отасына жұмсаймын деді. Қанша қаражат қажет деп сұрадым, қысылып айтпай қойды. «Көмек түсіп жатыр, жақсы адамдар бар, уайымдамаңыз, мен аяғыма тұрсам бәрін де өзім шешемін» деп ер жігіттің сөзін айтып отыр. Қызын сондай қатты жақсы көретіні сөзінен де, көңілінен де көрініп тұр, оқ тиіп жарақат алған адамға мүлдем ұқсамайды. Әкенің қызына деген махаббаты қандай керемет, иә? Айымға ота жасау үшін 200 мың АҚШ доллары қажет екен. Қаражат жинауды осы жақында ғана бастапты. Қоғам болып жабылып, жоғарыда көрсетілген соманы жинап беріп, Бегалы бауырымызды бір қуантсақ қалай қарайсыздар?» - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Бегалы Талиповтың 2 жасар қызына қолұшын созып, көмек көрсетемін деушілер мына реквизиттер арқылы қаражат аудара алады: Kaspi банк +77474583420 Карта нөмірі 4400 4301 4965 7279 (Raiymbayeva Asiya) ЖСН нөмірі 921015000215