Адам өлтірді деп айыпталған танымал актер ақталды

Адам өлтірді деп айыпталған танымал актер ақталды

Адам өлтірді деп айыпталған танымал актер ақталды
ашық дереккөзі
Адам өлтірді деп айыпталған актер Алек Болдуин ақталды. Бұл туралы оның адвокаттары мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Алек Болдуинге қатысты істің жабылуы туралы шешімге ризамыз және осы қайғылы оқиғаның фактілерін тиісінше тергеуге шақырамыз», - деп мәлімдеген актердің адвокаттары Люк Никас пен Алекс Спиро.
Еске салсақ, Санта-Фе қаласының (Нью-Мексико штаты) маңында жүргізілген «Тот» вестернінің түсірілімі кезінде оператор Галина Хатчинс қайтыс болған еді. Оны продюсер және картинадағы басты рөлді сомдаушы, танымал Голливуд актері Алек Болдуин байқаусызда атып алған. Осы оқиғаға байланысты Алек Болдуинге айып тағылды. Түсірілім алаңындағы қару-жараққа жауапты Ханна Гутьеррес-Ридке де осындай айып тағылатыны хабарланған болатын. Айта кетсек, фильмнің түсірілімі осы аптада Монтанада жалғасып, Болдуин актер әрі продюсер ретінде алаңға оралуы мүмкін.