Жаңалықтар

Абай университетінде әйгілі кореялық профессормен workshop өтті

ашық дереккөзі

Абай университетінде әйгілі кореялық профессормен workshop өтті

18 сәуір күні Абай университетінде KAIST (Корея ғылым және озық технологиялар институты) профессоры Но Квангсумен семинар өтті деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шараға университет ректоры Дархан Біләлов, университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Профессор Но Квансу – STEM және робототехника саласындағы әлемге әйгілі сарапшы, KAIST инженерлік бағдарламаларының авторы. Корея ғылым және озық технологиялар институты QS World University Rankings-2023 әлемдік рейтингінде 42-орында. KAIST Samsung, Naro ғарыш орталығы және кореялық технология алпауыттары үшін мамандар даярлайды, ғылыми зерттеулер жүргізеді. Корей маманының Абай университетіне сапарының мақсаты – IoT (Internet of Things) жүйелері бойынша қазақстандық ғалымдармен бірлескен зерттеулердің ауқымын анықтау. Университет ректоры іс-шараның маңыздылығын айта келе, дамыған елдердің экономикалық өрлеуінің негізі технологиялық даму екеніне тоқталды. «АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты мемлекеттердің тәжірибесін пайдалана отырып, Қазақстан өзінің технологиялық дамуында дәйекті қадамдар жасауда. Дегенмен, бірінші кезектегі мәселе осы салалардағы мамандардың айтарлықтай тапшылығы болып отыр. Сондықтан біз робототехника саласына және оқу үдерісіне STEM жүйесін енгізуге үлкен көңіл бөлуге тырысамыз», – деді Д.Біләлов. Но Квансу KAIST-тің жасанды интеллект, робототехника және киберқауіпсіздік саласындағы соңғы жаңалықтары туралы айтты. Ол, сондай-ақ, бағдарламалау және жасанды интеллектті дамыту бойынша тәжірибелік семинарлар өткізді, қатысушылар жаңа дағдылар мен білім алуға мүмкіндік алды.