Жаңалықтар

Елімізде Ұлттық спортты дамыту концепциясы әзірленеді

ашық дереккөзі

Елімізде Ұлттық спортты дамыту концепциясы әзірленеді

Бүгін Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановтың төрағалығымен жиналыс өтті. Іс-шараға қауымдастыққа қарасты 9 Федерация президенті, вице-президенттері және атқарушы директорлары офлайн және онлайн форматта қатысты. Аталмыш басқосуда ұлттық спорт түрлерін дамыту концепциясын әзірлеу мәселесі талқыланды. Жиында сөз сөйлеген қауымдастық президенті Исламбек Салжанов ұлттық спорттағы негізгі проблемаларды анықтап, оны оңтайлы шешу керектігін баса назарға алды. Конференцияны өткізудегі басты мақсат – ұлттық спортты дамыту концепциясын өте жоғары деңгейде әзірлеу, сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінің ережелерін жан-жақты талқылап, өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасау болып табылады. Сондай-ақ жиын барысында Федерация мен қауымдастық арасындағы өзара байланыс регламентін бекіту, бірегей брендбук пен маркетингтік жоспарды әзірлеу сынды мәселелер көтеріліп, Федерация басшыларынан ұсыныстар тыңдалды. Қауымдастық Президенті Исламбек Салжанов келесі жылы елімізде өтетін V дүниежүзілік көшпенділер ойындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жіті назарында екенін жеткізді. Сол себептен осындай басқосуларды жиілетіп, көшпенділер ойынын Олимпиадалық ойындармен деңгейлес дәрежеде өткізу керектігін жеткізді.