Ораза айт күні сәресі ішіле ме?

Ораза айт күні сәресі ішіле ме?

Ораза айт күні сәресі ішіле ме?
ашық дереккөзі
Ораза айты — оразаны аман-есен аяқтағаннан кейін, бейне осыған шүкіршілік іспетті шуағы мол мереке. Алланың разылығы үшін ораза ұстаған жамағатты енді айт мерекесі күтіп тұр. Ал, осы Ораза айт мерекесінде ескеру қажет бірнеше жайттар бар деп хабарлады turkystan.kz ihsan.kz сайтына сілтеме жасап. Сәресі ішілмейді. Оразаның соңғы күні, яғни айттың алғашқы таңындағы сәресі ішілмейді. Көпшілік арасында сәресі ішіп, айт намазына бару қажет деген қате түсінік қалыптасқан. Бұның діни негізі жоқ. Керісінше, айт намазына барардан алдын үйден дәм тату - сүннет. Бурәйда (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісі (ﷺ) Рамазан айтында дәм татпай үйден  шықпайтын» (Әбу Дәуід). Ораза қарызы өтелмейді. Айттың алғашқы күні оразада қарызы бар адамдар оны өтеуіне болмайды. Шариғатта үш күн деп бекітілген мейрам өз дәрежесіне сай тойланғаны абзал. Бұл мереке жалпы мұсылман халқын татулыққа шақыратын, барша ағайын-туыстың басын қосуға негіз болатын мейрам болғандықтан, бұл күні ауыз бекітіп, қонақпен бірге ас ішпей, шетте отырған, әрине, құптарлық жай емес. Айттың екінші күнінен бастап ораза қарызын өтеуіне, қарызы жоқтар Шәууәл айының нәпіл оразасын өтей беруіне болады.