Жаңалықтар

ҚазҰУ-да БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсаты талқыланды

ашық дереккөзі

ҚазҰУ-да БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсаты талқыланды

ҚазҰУ-да «Орталық Азия жастары арасында БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатын дәріптеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Өзбекстанның Мирзо Ұлықбек атындағы ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара оқытушылар мен студенттердің ерекше қызығушылығын туғызды. Жиын барысында Орталық Азиядағы орнықты даму мақсаттарын іске асыру жолдары ұсынылды. Қатысушылар тұрақты даму саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, өз университеттері мен қалаларында жүзеге асқан түрлі жобаларды ортаға салды. Іс-шараның ең маңызды кезеңдерінің бірі тұрақты даму саласындағы мамандардың пікірталасы болды. Сондай-ақ отырыста БҰҰ-ның даму жобасы талқыланды. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар мұндай маңызды басқосулар студенттердің білімін кеңейтуге ғана емес, оларды тұрақты даму мақсаттарына жету үшін шынайы өмірдегі әрекеттерге лайықты болуға көмектесетінін айтты. «Жалпы бұл басқосудың жастарға берер ғылыми да, танымдық та қажеттілігі жоғары. Алдағы кезеңде әл-Фараби атындағы білім шаңырағында мұндай іргелі басқосулар жалғасын таба бермек», - деді ұйымдастырушылар.    

Мадина БЕЙСЕНОВА, э. ғ. д., профессор

Әйгерім ҚАЖЫМҰРАТОВА, э. ғ. к.

Айгүл БОЛТАЕВА, э. ғ. м.

Рүстем АХАНОВ, ҚазҰУ магистранты