ҰҚК Серік Күдебаевтың елден қалай қашқанын айтты
ҰҚК Серік Күдебаевтың елден қалай қашқанын айтты
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың елден қалай қашқанына қатысты болжам жасады деп жазды turkystan.kz.
Қырғызстан шекарасындағы Іле Алатауының тау жотасы 672 шақырымды құрайды. Ол тау арқылы қашып кетті деген болжам бар. Күдебаевтың туған жеріндегі тау маңында шаруашылық, елді мекен бар. Біз тау арқылы кетті деген нұсқаны қарастырып жатырмыз, - деді ол.
Айта кетейік, 3 сәуірде Талдықорғанда өткен сот отырысында прокурор Серік Күдебаевтың қылмыстық ісін тоқтатып, оған халықаралық іздеу жариялауды сұрады.