Жаңалықтар

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

ашық дереккөзі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 451-457 теңгеден саудаланып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451,8 – 456,8 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 452 – 457 теңге аралығында құбылып тұр. Ұлттық банктің 20 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 455,07 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,58 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,45 – 5,75 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,53 - 5,63 теңгеден сатылуда.