Жаңалықтар

Оңтүстік аймақтарда аяз болуы мүмкін

ашық дереккөзі

Оңтүстік аймақтарда аяз болуы мүмкін

Қазақстанның басым бөлігінде 20 сәуір күні жауын-шашын болмайды деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап. Елдің батысында, солтүстік-батысы мен шеткі шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар немесе жаңбыр жаууы ықтимал. Батыста, оңтүстік пен шығыста жел күшейеді. Елдің басым бөлігінде тұман түседі. Оңтүстік мен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрса, солтүстік-батыста күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Жетісу облысы аумағының басым бөлігінде түнде 2-7 градусқа дейін аяз болуы ықтимал. Жамбыл облысының таулы аймақтарында, сондай-ақ Түркістан облысының солтүстігі мен таулы жерлерінде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді. Ал Алматы облысының солтүстігі мен батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетіндегі температура 2-3 градусқа дейін салқындайды.