Жер сілкінісі: Алматыда таңертең дабыл қағылады
Жер сілкінісі: Алматыда таңертең дабыл қағылады
Алматыда ертең дабыл дауысы естіледі. Құтқарушылар жер сілкінісі бола қалған жағдайдағы тұрғындардың дайындығын тексеретін болады деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Таңертеңгі сағат 11-де дабыл қағылады. Құтқарушылар тұрғындарды бұл сейсможаттығуға бейжай қарамауын сұрайды. Дабылдан кейін бірден үйден, кеңседен шығып, қауіпсіз жерге бассауғалау қажет.
Статистика бойынша, Алматыда жылына білінер-білінбес 10 мыңнан астам жер асты дүмпуі болады. Миллионды шаһар тоғыз балл сейсмикалық аумақта орналасқан. Сондықтан төтеншеліктер үнемі сақ болып жүруге шақырады.
«Дабыл қағылғанда абдырамауға кеңес береміз. Дүрлікпей, отырған ғимараттан шығу керек. Әрине, ешкімді шық деп мәжбүрлей алмаймыз. Бұл - сейсможаттығу. Мүмкіндік болса, қала тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз. Адамдарды құтқару, өрт сөндіру жаттығуларын да көрсетеміз», – дейді Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Әнуар Жүсіпов.