Жаңалықтар

Қазақстан бойынша Ораза айт намазының уақыты жарияланды

ашық дереккөзі

Қазақстан бойынша Ораза айт намазының уақыты жарияланды

Биыл Ораза айттың бірінші күні 21 сәуірге түсіп тұр. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы еліміз бойынша мешіттерде оқылатын айт намазының кестесін жариялады. Еске салсақ, Рамазан айы 23 наурызда басталды. Ал сәуір айының 17-сінен 18-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні болды. 21 сәуір – Ораза айт мерекесі. Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілген. Пітір садақасы мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен беруге де болады.