Жаңалықтар

«Қарызсыз қоғам» жобасына қатысу критерийлері жарияланды

ашық дереккөзі

«Қарызсыз қоғам» жобасына қатысу критерийлері жарияланды

Өткен аптада «AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында  проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру. Оқу биыл 2 мамырда басталып жыл соңына дейін жалғасады. Оқу бағдарламасы келесі санаттағы азаматтарға арналған. Олар несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар, дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар және несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер. Жоба аясында ауылдық елді мекендердің 80 мыңға жуық тұрғынын қамту жоспарлануда. Жобаға қатысушылар өз қаржысын тиімді басқаруды және шығындарын оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржылық мәселелердің қалай туындайтынын, несиелік қарыздар санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын үйренеді. Ал ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есеп-қисабын ұсынуды және  мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алады.