Жаңалықтар

Алтай Көлгінов білім сапасы төмен бес облысты атады

ашық дереккөзі

Алтай Көлгінов білім сапасы төмен бес облысты атады

Білім сапасы бойынша 5 облыстың көрсеткіші республикалық деңгейден төмен. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте баяндады деп хабарлады turkystan.kz. «Халықаралық зерттеулердің нәтижесі Қазақстандағы білім сапасы ЭЫДҰ елдеріндегі орташа деңгейден қалыс қалып отырғанын көрсетті. Әлі де ауылдағы және қаладағы білім сапасында айырмашылық бар. Білім сапасы бойынша Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстары республикалық деңгейден төмен», - деді Премьер-министрдің орынбасары. Оның айтуынша, жаңа мектеп салу қарқыны демография мен халықтың көші-қонының соңынан ілесе алмай келеді. Әсіресе, үлкен қалаларда. Қазір мектептерде 268 мың оқушы орны жетіспейді. Үш ауысымды – 143 мектеп, апатты жағдайда – 52, ағаштан және саманнан салынған 300-ден астам мектеп бар. 4 мыңға жуық педагог мамандарға тапшылық бар.