Жаңалықтар

Алаяқтар көпбалалы ананың атына бірнеше банктен несие рәсімдеген (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Алаяқтар көпбалалы ананың атына бірнеше банктен несие рәсімдеген (ВИДЕО)

Бұқар Жырау ауданы Ақөре ауылының мұғалімі, бес баланың анасына алаяқтар бірден бірнеше банктен жалпы сомасы 10 млн теңгеге несие рәсімдеген деп хабарлады turkystan.kz "5 арнаға" сілтеме жасап. 12 сәуірде әйелге телефон арқылы жеке кабинеті бұзылғаны хабарланған. Өзі ол кезде жұмыста болған екен. Мұғалім әріптестерімен немесе туыстарымен кеңесіп үлгерместен қоңырау шалушылардың  айтуымен тез әрекет ете бастаған. "Жұмыста отыр едім, түсінбедім. Бірақ, менің жеке кабинетім бұзылғанын естігенде, олар маған несие рәсімдеп жатыр деп шу шығардым. Олар антивирус жүктеп алу керектігін айтты", - дейді ол. Бағдарлама жүктеліп, оған бәрі ойдағыдай өткені айтылған. Әйел тынышталып, бәрін ұмытып кетеді. Алайда келесі күні оған әртүрлі банктерден несие мақұлданғаны туралы хабарламалар келе бастапты. Содан кейін көпбалалы ана ақша әлі алынып үлгермеген банктердің біріне жүгініп, барлық жағдайды түсіндіріп, соманы бұғаттауды сұраған. Бірақ біраз уақыттан кейін банктер әйелдің өтінішіне назар аудармастан ақшаны берген. "20 минут қана өтті. Бұл қалай болғаны? Банктер алаяқтармен бірге ме? Олар менің жеке деректерімді қайдан алды? Мүлдем шошып кеттім. Енді өзіңді қалай қорғауға болады?" - дейді ашынған мұғалім. Қазір осы іс бойынша полиция арыз қабылдады. Іс жүргізу барысында алаяқтар қашықтан қол жеткізу қосымшасын пайдалана отырып, Қарағанды банктерінде кредиттер рәсімдегені анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.