«Атамды шығарыңдар»: мазардағы баланың әрекеті көптің талқысына түсті
«Атамды шығарыңдар»: мазардағы баланың әрекеті көптің талқысына түсті
Атасының бейітінің басына барып, қазып алмақ болған баланың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды деп хабарлады turkystan.kz.
Бейнежазбаны балақайдың әкесі түсіріп алған болу керек деп жазды otyrar.kz. Ер кісі Нұрдәулет есімді бүлдіршіннен не істеп жатқанын сұрайды.
«Атаны тауып аламын… Атаны шығарамын»,-дейді көзіне жас алып, мазараттағы топырақты қазып жатқан бүлдіршін.
Әкесінің «қайтамыз болды» деген сөзін елемеген бала бір уақытта әрекетінің нәтижесіз болғанын түсінген болса керек, бейіттегі үйінді топырақтың үстіне шығып алып, «Ата» деп айқайлайды.
Видеодан балақаймен бірге бейіт басына тағы бір бүлдіршіннің барғанын байқауға болады. Кішкентай қыз марқұм болған адамның бейіт басына қойылған көктастың шаңын сүртіп жатады.
Атасын сағынған титтей ғана баланың видеосын көрген желі қолданушылары көздеріне еріксіз жас келгенін жарыса жазды. Ал енді бірі кішкентай баланы мазаратқа алып баруға болмайтынын алға тартты.
Видео қашан және қайда түсірілгені белгісіз.
https://www.youtube.com/watch?v=MvxNCe8mJSQ&ab_channel=SayaAkba