Ресми мәліметке сәйкес, 2018-2022 жылдары 86 суицид жасалды. Бұдан бөлек, 20 әскери қызметші өз-өзіне қол салуға тырысқан. Мақсат Қазиевтің айтуынша, бұл елдегі жалпы суцидитің орташа көрсеткішінен төмен.
«Құқықтық статистика комитетінің ресми ақпараты бойынша, 2018-2022 жылдары 17 631 суицид фактісі тіркелді және 21 332 адам өз-өзіне қол салмақшы болды. Демек, 10 мың адамның ішінде 9 суицид пен 11 рет өз-өзіне қол салуға тырысу фактісі болған. Жалпы, көрсеткіштің ішінде армиядағы 86 суицид пен 20 суицидке оқталу әрекеті бар. Сонда 10 мың әскери қызметшіге 6 суицид пен 1 оған оқталу фактісі келеді», - деді Қазиев сенатта өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылдан бері армияда 270 әскери қызметші қайтыс болды. Биыл 11 өлім тіркелді.
Әскери қызметшілердің арасындағы өлімнің себептері:
- аурудан – 36%;
- жол апатынан – 24%;
- суицид – 20%.