Жаңалықтар

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

ашық дереккөзі

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтар үш бірдей мерекені атап өтеді деп хабарлады turkystan.kz. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні; 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні; 9 мамыр – Жеңіс күні. 1 мамыр дүйсенбіге түсетіндіктен, сәуір айының соңғы демалысы үш күнге созылады. 7 мамыр жексенбіге түседі. Мереке күні демалысқа келіп түссе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Демек, жексенбі күнгі 7 мамырдың орнына қазақстандықтар дүйсенбі 8 мамырда демалады. 9 мамыр күні тағы демаламыз. Осылайша қазақстандықтар мамыр айында келесі күндері демалады: бес күн жұмыс істейтіндер: 1, 6-9, 13-14, 20-21, 27-28 мамыр; алты күн жұмыс істейтіндер 1, 7-9, 14, 21, 28 мамыр.