Шымкенттегі жол апаты: марқұмдардың отбасына қандай көмек берілді?

18 сәуір, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Шымкенттегі жол апаты: марқұмдардың отбасына қандай көмек берілді? Шымкентте жол апатынан көз жұмған 5 отбасына қандай көмек берілетіні белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Massaget.kz сайтының жазуынша, "Shymkent Bus" БК тарапынан 4 азаматтың отбасына 12 млн тг көлемінде қаржылай көмек беріледі.
"Сондай-ақ бес баланың анасы болған Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылының тумасы Егизбаева Азизаның отбасы баспанамен қамтылады”, - дейді Шымкент қаласындағы "Shymkent Bus" компаниясының баспасөз хатшысы.
Әзірге өтемақының құжаттары рәсімделіп жатыр. Еске салайық, 8-сәуір күні Шымкентте бос автобус жүріп кетіп, 6 адамды қағып кеткен еді. Оқиға орнында 3 адам, ауруханада 2 адам қайтыс болды. Олардың ең үлкені 43 жастағы жалғызбасты 5 баланың анасы. Ең кішкентайы 14 жастағы 9-сынып оқушысы. Ажал құшқан ересектердің бәрі отбасыларының асыраушысы болған. Ал қайғылы оқиғадан аман қалған жалғыз адам ауруханадан үйіне шықты. 18 жастағы бойжеткен де 6 бауыры мен анасының жалғыз асыраушысы. Анасының айтуынша, әзірге жауаптылардан ешқандай көмек келмеген және ем-домға да біршама қаржы керектігін жеткізді.