Жаңалықтар

Полицейлерді таңғалдырған: министрлік қарақшыларға қарсы тұрған азамат туралы мәлімдеме жасады

ашық дереккөзі

Полицейлерді таңғалдырған: министрлік қарақшыларға қарсы тұрған азамат туралы мәлімдеме жасады

Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифинг барысында АҚШ-тың Майами қаласында қарулы қарақшыларға тап болған Қазақстан азаматы туралы мәлімет берді деп хабарлады turkystan.kz. АҚШ-тың Майами штатында жүрген Қазақстан азаматына қарулы қарақшылар келіп, тонамақ болған. Қазір құзырлы органдар тергеу амалдарын жүргізіп, күдіктілерді іздеп жатыр. Қазақстанның АҚШ-тағы консулдығы Қазақстан азаматымен байланысқа шығып, мән-жайды білді. "Біздің консул Қазақстан азаматын тауып, онымен және жергілікті құқық қорғау органдарымен байланысты. Төбелес барысында кішігірім жарақат алғанына қарамастан қазақстандық ем қабылдаудан бас тартты. Денсаулығына қауіп жоқ", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. Министрліктің мәліметінше, Олжас Қаныбек Латвияда аэронавигация институтын тәмамдаған. Қазір АҚШ-та 2 айлық оқуда жүр. Бала кезінен бокспен айналысқан. Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде қазақ жігіті Майамиде үш ұрыға тойтарыс беріп, қаруын тартып алғаны жайлы видео тараған болатын. Жергілікті полицейлер бұған дейін мұндай жағдайды көрмегенін айтып, қазақ жігітінің батылдығына тәнті болған.