Еліміздің бір қаласында жылыту маусымы ұзартылды
Ақтөбе әкімдігі тұрғын үйлерге, мектептер мен қоғамдық ғимараттарға жылу беруді 25 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады деп хабарлады turkystan.kz "Aqtobe su-energy group"АҚ-ға сілтеме жасап.
Жылыту маусымының ұзартылуы ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болып отыр.
"Жылыту маусымын аяқтау үшін 5 күн қатарынан сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10 градустан төмен болмауы қажет", - дейді коммуналдық қызметкерлер.