Жаңалықтар

Лифт жанында іш киімін шешкен адамға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр

ашық дереккөзі

Лифт жанында іш киімін шешкен адамға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр

Астана қаласының Полиция департаменті көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі лифт жанында іш киімін шешкен ер адамға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Paryz.kz-ке сілтеме жасап. Желіде іш киімін шешкен ер адамның видеосы таралып, астаналықтардың ашуына тиген еді. Видеоға пікір қалдырған адамдардың көбі бала-шағасының қауіпсіздігі үшін алаңдап, бейнежазбадағы ер адамды қамау керек деді. Полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адам ұсталса, заң аясында жауапкершілікке тартылатынын хабарлады. «Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Құқық бұзушы ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.