Жаңалықтар

Астананың белсенді тұрғындары қар күреу акциясын бастады

ашық дереккөзі

Астананың белсенді тұрғындары қар күреу акциясын бастады

Қалалық акцияны елорданың белсенді тұрғындары толассыз жауған қардан кейін бастады деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «Іс-шараға Астананың жастары, әншілер, спортшылар қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, осылайша бірлесіп, ардагерлерге көмек қолын созса немесе есік алдының қарын күресе, нұр үстіне нұр болар еді», – деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.