Жаңалықтар

Рудный қаласының әкімі тағайындалды

ашық дереккөзі

Рудный қаласының әкімі тағайындалды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Рудный қаласының әкімі қызметіне Виктор Николаевич Ионенко тағайындады деп хабарлады turkystan.kz. Өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, Виктор Ионенко 1970 жылы туған. 1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша тамамдаған. 2010 жылдан 2020 жылға дейін – Денисов, Меңдіқара, Қарасу аудандарының әкімі қызметтерін атқарған. 2020 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың шілдесіне дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.