Жаңалықтар

3 жасар қызын сатпақ болған келіншек ұсталды

ашық дереккөзі

3 жасар қызын сатпақ болған келіншек ұсталды

Қарақалпақстандағы Нөкісте баласын сатпақ болған әйел ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.  22 жастағы ана үш жасар қызын 1,5 мың долларға сатпақ болған. Тәртіп сақшылары заттай айғақтармен күдіктіні ұстады. Күдікті жұмысы жоғын айтты. Ол баланың әкесімен ажырасқан. Қылмыстық кодекстің 135-бабы3-бөлігі (адам саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қыз балалар үйіне орналастырылды.