Петропавлда бойжеткенді автобус қағып кетті
Петропавлда бойжеткенді автобус қағып кетті
Петропавлда реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен жүгіріп өтіп бара жатқан 16 жастағы қызды автобус қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, оқиға 15 сәуір Петропавл қаласындағы Қизатов көшесінде болған.
Медициналық көмек көрсету үшін жол-көлік оқиғасы орнына жедел жәрдем бригадасы шақыртылды. Зардап шеккен қыз түрлі жарақаттарымен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді.
«Yutong көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды. Медициналық куәландырудың нәтижелері бойынша маршруттық автобустың жүргізушісі мас емес. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін полицейлер материал жинауда», - делінген хабарламада.