Жаңалықтар

Алматыдан 43 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ашық дереккөзі

Алматыдан 43 шақырым қашықтықта жер сілкінді

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Астана уақыты бойынша сағат 08.55-те жер сілкінісін тіркеді деп хабарлады turkystan.kz. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 43 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасты. Энергетикалық класы – 9.2. Магнитудасы – 3,8. Тереңдігі – 5 шақырым. Сондай-ақ бүгін Астана уақытымен 07.40-та тағы бір жер сілкінісі болды. Оның ошағы Алматыдан шығысқа қарай 325 шақырым жерде Қытай мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.0. Магнитудасы – 4.0. Тереңдігі – 15 шақырым.