Маңғыстау облысында 11 жасар қыз екі әпкесін пышақтаған

Маңғыстау облысында 11 жасар қыз екі әпкесін пышақтаған

Маңғыстау облысында 11 жасар қыз екі әпкесін пышақтаған
ашық дереккөзі
Маңғыстауда кәмелетке толмаған қыз ұйқысырап жүріп (айкезбелік) қос әпкесіне пышақ жарақаттарын келтірген деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Маңғыстау облысы полиция департаменті 14 сәуірде сағат 04:30 шамасында «101» шұғыл байланыс желісіне Ақшұқыр ауылындағы үйлердің бірінде адамдардың пышақталғаны туралы хабарлама келіп түскенін нақтылады. Анықталғандай, 11 жасар қыз ұйқысырап жүріп (айкезбелік) ас үй пышағымен 12 және 19 жастағы екі әпкесіне жарақаттар келтірген.
«Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Біреуі медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді, екіншісі әлі ауруханада. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр»,- делінген Маңғыстау облыстық ПД хабарламасында.
Өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.