Жаңалықтар

Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде қарсыласын ұтты

ашық дереккөзі

Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде қарсыласын ұтты

Астанадағы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан - Польша матчында еліміздің бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина қарсыласын ұтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бүгінгі алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетпен шеберлік байқасты. Кеше 2:0 есебімен алға шыққандықтан, Қазақстан құрамасына командалық әлем чемпионатына жолдама алу үшін енді бір ғана жеңіс жеткілікті еді. Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте Е. Рыбакина брейк жасап, сосын сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4. Екінші сетте қазақстандық спортшы 2:0 есебімен алға кеткенімен, М. Линетт таразы басын теңестірді. Дегенмен, Елена қайта брейк жасап, өз геймін алды – 4:2. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін бірінші матчболын пайдалана білді – 6:2. Осылайша, Қазақстан Польшамен матчта 3:0 есебімен алға шығып, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Бүгінге жоспарланған қалған екі кездесу ойналса да, ештеңені шешпейді. Бір сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында Елена Рыбакина 3 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Матчтан соң Елена Рыбакина барлық жанкүйерлер мен командасына алғысын білдірді.