Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов жапониялық Кадзуто Такесаконы нокаутқа түсірді деп хабарлады turkystan.kz.
Жекпе-жек Инчхонда (Оңтүстік Корея) өтті. Белбеу сарапқа салынған кездесу сегізінші раундта аяқталды. Жерлесіміз WBO International белбеуін қорғады.
Айта кетсек, Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек өткізген. Соның барлығында жеңіске жетсе, оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.
Жапон боксшысының еншісінде бұған дейін 15 жеңіс пен 1 тең айқас болды. Ол 14 жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.