Жаңалықтар

Қарлы боран: Астанадан шығатын тасжолдар жабылды

ашық дереккөзі

Қарлы боран: Астанадан шығатын тасжолдар жабылды

Төтенше жағдайлар департаменті күн райына байланысты елордадан шығатын тасжолдардың жабылғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, қарлы боран) бүгін сағат 10:00-ден бастап көлік құралдарының барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар автожолдардағы көлік қозғалысы тоқтатылды: «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырымы (Астанадан – Анар стансасына дейін), «Астана-Қорғалжың» автожолының 19-124 шақырымы (Астана-Қорғалжың), «Астана-Қабанбай Батыра-Киевка-Нұра-Теміртау» автожолы 16-51 шақырымы (Қосшы-Қарағанды облысы)», - делінген ТЖД хабарламасында.