Қазақстанда 12 жыл бойы заңсыз жүрген шетелдік ұсталды
Қазақстанда 12 жыл бойы заңсыз жүрген шетелдік ұсталды
Абай облысында 12 жыл бойы заңсыз жүрген шетелдік ұсталды деп хабарлайды turkystan.kz.
Абай облысының полицейлері «Заңсыз келуші» жедел алдын алу шарасы барысында соттың шығарып жіберу туралы шешімін орындамаған шетелдік азаматты анықтады.
Шетелдік 2011 жылы көші-қон заңнамасын бірнеше рет бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешіміне сәйкес оған 15 тәулік дербес шығу мерзімі белгіленіп, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарылған. Алайда ол сот қаулысын орындамай, елімізде 12 жылдан астам уақыт жүрген.
Шетелдік азамат ҚР ҚК 430-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін