Астанада көшеден әйелдің денесі табылды

14 сәуір, 2023 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Астанада көшеден әйелдің денесі табылды
Астанада көшеден әйелдің мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz.
Zakon.kz-тің жазуынша, 14 сәуірде сағат 18:23-те "102" арнасына Сарыарқа даңғылының бойында әйелдің мәйіті табылғаны туралы полицияға хабарлама келіп түскен.
"Әйелдің кім екені анықталды, ол 54 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Сарапшының тексеруі кезінде дене жарақаттары табылмады", - деді ведомство.
Қазір қажетті сараптамалар тағайындалды.