Жаңалықтар

Қазақстандық екі балуан Азия чемпионатында күміс жүлде алды

ашық дереккөзі

Қазақстандық екі балуан Азия чемпионатында күміс жүлде алды

Қазақстандық Ризабек Айтмұхан (92 кг) пен Жүсіп Батырмұрзаев (125 келі) еркін күрестен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды деп хабарлады turkystan.kz. Ризабек Айтмұхан финалда жапониялық Араш Йошидаға есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. 19 жастағы қазақстандық жартылай финалда бахрейндік Магомед Шариповты жеңсе, ширек финалда қырғызстандық Мирлан Шыныбековті қапы қалдырған еді. Еске салсақ, алматылық балуан ақпанда Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасында Әбдіманап Байгенжеевті ұтып, чемпион атанған еді. Ал Жүсіп Батырмұрзаев финалда моңғолиялық Менхтерин Лхагвагерель кездесті. Белдесу барысында қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Қазақстандық балуан алғашқы жекпе-жегінде үндістандық балуанды жеңсе, жартылай финалда өзбекстандық Сардорбек Холматовтың жауырынын жерге тигізді. Жүсіп былтыр Алматыда рейтингтік Болат Тұрлыханов турнирінде өзбекстандық балуанды таза ұтқан еді.