Жаңалықтар

IMB орталығы мұнай-газ машинасын жасауды дамыту бойынша форум өткізді

ашық дереккөзі

IMB орталығы мұнай-газ машинасын жасауды дамыту бойынша форум өткізді

14 сәуірде Астана қаласында IMB Орталығы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Энергетика министрлігінің, ірі мұнай-газ операторлары – «Теңізшевройл» ЖШС, Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. қолдауымен Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ машина жасауды дамытуға арналған жыл сайынғы форумды өткізді. Отандық және халықаралық өндірушілерге, тиісті мемлекеттік органдарға және басқа да мүдделі талаптарға таныстыру мақсатында IMB орталығының Бас директоры М. Кәрімов атқарылған іс-шаралардың нәтижелері мен алдағы жоспарлар туралы толығырақ айтып берді. Шараға шетелдік және отандық мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының, қауымдастықтар мен даму институттарының, мұнай-газ компанияларының 250-ге жуық өкілі қатысты. Форум IMB орталығы қызметінің нәтижелері және алдағы жоспарлары туралы мүдделі тараптарды хабардар етуге бағытталған, форумға қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты.