Еркін күрестен Азия чемпионаты: 4 қазақстандық балуан финалға шықты

Еркін күрестен Азия чемпионаты: 4 қазақстандық балуан финалға шықты

Еркін күрестен Азия чемпионаты: 4 қазақстандық балуан финалға шықты
ашық дереккөзі
Еркін күрестен Азия чемпионатының екінші күнінде 4 спортшымыз финалда белдесуге мүмкіндік алды деп хабарлады turkystan.kz. Бірінші жолдаманы 74 келі салмақта белдескен қазақстандық балуан Дархан Есенғали жеңіп алды. Артынша 86 келі салмақта өнер көрсеткен Азамат Дәулетбеков те финалға өтті. Сондай-ақ Ризабек Айтмұхан (92 келі), Жүсіп Батырмұрзаев (125 келі) жүлдеге таласады. 61 келіде жұбаныш белдесуіне қатысатын Нұрболат Әбдуалиев қарсыласын жеңген жағдайда ғана қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алады.