Жаңалықтар

Көне Сығанақты қашан көркейтеміз?

ашық дереккөзі

Көне Сығанақты қашан көркейтеміз?

Қызылорда облысында тарихи орындар өте көп, солардың бірі де біре­гейіне Жаңа­қорған ауданындағы көне Сығанақ қалашығы жатады. Ежелгі қала Сығанақ ЮНЕСКО мұрасының алдын ала тізіміне енгізілген. Сығанақ қаласының төл тари­хын насихаттау өз қолымызда. Бұрынғы «Ұлы Жібек жо­лы» қазіргі «Батыс Қы­тай – Батыс Еуропа» автокөлік дәлізінің бойына ор­наласқан Сығанақ қала­шы­ғының тари­хы бағзы заманынан бері, орта­ға­сырлық түркі елдерінің қасиетті мекенін көр­сетеді, тарихтан сыр шертеді. Сы­ғанақ қалышығы туралы ең алғашқы деректер 961-962 жылдары Қазақ тари­хында Абу Саид Абд ал-Карим ас-Самани еңбектерінде «Китап ал-Ансаб» кіта­бының 47-бетінде кездеседі. «Мауренахр елдерінен Сейхун өзе­нінің арғы жа­ғындағы қала, Фараб ауылдарының бірі Ас-Сунах нысабы Сунақ», – деп жа­зылған. Х ғасырдағы парсылық шығармаларда, нақ­­ты айтқанда «Худуд әл-Әлем» атты еңбекте ай­тылады. Бұл қала турасында «Қып­­­шақтар да­ласының айғағы», «Сығанақ – мың­жыл­дық­тың қаласы», «Сығанақ – қа­зақ хандығының тұң­ғыш ордасы», «Сығанақ – қазақтың бірін­ші астанасы» деген секілді теңеулердің жай бол­мағанын аңғарамыз. Яғни, Сығанақ та­рихы тереңде жатқан Қазақ хандығы үшін ерек­­ше орын алған қалашық болған. Х ға­сыр­ларда Сығанақтың ғұн мен қаңлылардың, одан келе ХІ ғасырдың келесі бөлігінде қа­зақтардың құрылуына негіз болған қыпшақ мем­лекетінің шығыс бөлігінің ордасы бол­ғандығы туралы деректер кездеседі. Сыр бойы­на көшіп келген қыпшақтар қаланы өз­де­рінің орталықтарына айналдырған. Яғни, ірі сауда орталығы әрі керуен жо­лын­дағы маңызды шаһар етеді. Парсы сая­хат­шысы Рузбихан Исфахани Сығанақты сол ай­мақ­тың солтүстігіндегі жер жаннатының ше­ті ретінде сипаттайды. Бұл қала тек Дешті Қып­шақтағы сауда нүктесі емес, жер көлемі кең, тыныш әрі қауіпсіз қала ретінде көрсе­ті­ле­ді. Сол сияқты бұл қалашықта хан ор­да­сы, кітапхана, мешіт, медресе, ислам орта­лы­ғы, білім ордасы, медицина, керамика, қо­лө­нер, темір балқыту, теңгехана керемет да­мы­ған екен. Сығанақ өзінің екі мыңға жуық жыл­дық тарихында қаңлы тайпасының, қып­шақ хандығының, Ақ Орда, Әбілхайыр хан­дығы және Қазақ хандықтарының екі мәр­те астанасы қызметін атқарған. Ол сауда нүк­тесі ретінде, мемлекетаралық эконо­ми­калық қатынас пен саяси жүйеде маңызды рөл атқарған. «Сығанақ (Сунақата) қалашығының» Қа­лашықтың қорғау аймағы 2003 жылдан бас­тап Сығанақ қалашығында кешенді ар­хео­логиялық ізденістерді Қ.А.Ясауи атын­да­ғы Халықаралық қазақ-түрік универ­си­те­тінің Сығанақ археологиялық экспеди­ция­сы жүргізіп келеді. Тарих ғылымдарының док­торы, профессор Сәйден Жолдасбаевтың: «Бұл қаланың құрылыс жүйесі Отырар қа­ла­сынан екі есе үлкен. Отырардың бірінші ата­латын себебі – оның Шыңғыс ханның жой­қын шапқыншылығына алты ай қар­сылық көрсетуі. Сығанақ қаласы да қар­сы­лық көрсеткен, бірақ ол қарсылық жеті күн­ге ғана созылған. Ол қала аумағының тым үлкен болғандығынан, қорғаныс күші­нің жеткіліксіздігінен, жау күшінің басым­ды­ғына төтеп бере алмаған», – деген дерек­тер келтірген. 2013 жылы 21 тамызда Жаңақорған ауда­­­нында «Сығанақ (Сунақата) қалашы­ғы­ның» тарих және мәдениет ескерткішін қор­ғау аймақтарын және қорғалатын та­биғат ландшафты аймақтардың шекарасын бе­кіту туралы Қызылорда облыстық масли­ха­тының шешімі шықты. Қалашықтың қор­ғау аймағы – 309,6 гектар, қорғалатын та­би­ғат ландшафты аймағы – 739,6 гектарды құ­­­райды. Жалпыұлттық және өңірлік маңызы бар қа­сиетті нысандардың қатарында діни-ғи­марат ету нысандарымен қатар, ерекше ба­ға­ланатын тарихи-мәдени және табиғи мұра ес­керткіштері де бар. Еліміздің рухани мұра­сына сүйенген ішкі мәдени туризмді дамыту жә­не қолдау мақсатында бұл «киелі белдеу­дің» нысандары туризм индустриясы үшін өрлеу нүктесіне айналуға тиіс. Енді осындай Сунақ Ата кесенесі, киелі орындарымызға келу­шілердің саны күн санап артып келеді, қазір баба ұрпақтарының арқасында жол, электр жарығымен, ауызсумен қамтамасыз етілген. Ендігі мәселе электр жарығын үлкен тас­жол бойынан Сығанақ қалашығы ара­лығындағы бағаналарға орнатылса дейміз. Жол бойын көгалдандыру жұмыстары қолға алынуы қажет. Талапқа сай дәмхана мен дә­рет­хананы салу т.б. жұмыстарды қажет ете­ді. Мысалы, Мәнсүр Мәлік, Сунақ Ата ке­се­не­сінен бастап Сығанақ қалашығына дейінгі ара­лыққа жаяу жүргіншілерге жол салынса, ке­сенеге келген туристер Сығанақ қала­шы­ғын көріп қайтуына ыңғайлы болар еді. Су­нақ Ата мешіт-медресесін археологтардың ашып, қайта жаңғыртып қойғанына біршама уақыт өтті. Осы тарихи ескерткішті соңына дейін үлкен, кіші күмбездерін орнатса, бұл деге­нің үлкен ғимарат болар еді. Отырар, Сау­ран қақпаларын қайта жаңғыртып, ашып қой­ғанын білеміз. Сығанақ қалашығының шы­ғыс қақпасын да осылай ашуға болар еді. Қақ­падан кейінгі қорғандарды да көтерсе. Ортағасырлық Сығанақ қаласының шығыс қақ­пасы өзіндік архитектуралық ерекшелігі бар құрылыс. Бұл қақпа ортағасырлық Сау­ран, Отырар қалаларының қақпа құрылы­сы­нан өзгешелеу. Қақпаның негізгі платфор­масы ғана күйдірілген кірпіштен қаланған, ал екі қапталдағы мұнарасы пақсадан жасал­ған және негізгі платформа алға қарай 4,5 м шығыңқы болып орналасқан. Платфор­ма­ның қазіргі анықталған ең биік жері 1,7 м және одан төмен қарай жалғасып жатыр. Қаз­ба жер асты суының шығып кетуіне бай­ла­нысты тоқтатылды. Қазба барысында ас­палы көпірді көтеріп-түсіретін тастан жа­салған механизмімен ашылады. Сығанақ стеласының жанына «Сығанақ тарихы» музейі мен этно ауыл орналасса деген ұсынысым бар. Сондықтан осы орайда, олар­дың қазіргі заманға сай пайдалану үшін инфроқұрылымдарын дамыту, экологиялық аймағын сақтап, қоқыс мәселелерін реттеу, санитарлық талаптарға сай қонақүйлер салу, зияратшылар мен туристерге арналған ви­зит орталығын ашу, мобильді интернетпен қам­тамасыз ету тәрізді жобаларды қарқынды жү­зеге асыру үшін республикалық деңгейде ар­найы бағдарлама жасақталуы қажет. «Қа­зақстаның киелі жерлерінің географиясы» бағ­дар­ламасы бойынша сакральды орын­дар­ға келушілерге жағдай жасау мақсатында қа­зіргі заманға сай пайдаланылу үшін ша­ра­лар, абаттандыру-көркейту жұмыстарын, ланд­шафтық дизайынмен жүргіншілерге арналған шағын жолдар мен демалатын орын­дар жасау, киелі орында жүру тәртібі жа­зылған тақтайшалар орнату, дәретханалар салу, қоқыс салатын контейнерлер орнату, т.б. жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен қар­жы қарастырылса.

Рысбек Асқарұлы, «Сығанақ тарихы» музейінің негізін қалаушы