Заң жобасы ең алдымен қазақ тілінде қабылдануы керек

Заң жобасы ең алдымен қазақ тілінде қабылдануы керек

Заң жобасы ең алдымен қазақ тілінде қабылдануы керек
ашық дереккөзі
Бірінші кезекте заң жобасы қазақ ті­лін­де талқыланып, қабылдануы ке­рек. 12 сәуір күні Мәжілістің пле­нар­лық отырысында депутаттар, «AMANAT» Пар­тиясы Фракциясының мүшелері Үнзила Ша­пақ, Жарқынбек Амантай Пре­мьер-Ми­нистрдің орынбасары Алтай Көлгіновке осы мә­селеге қатысты де­путаттық сауал жол­дады. Депутаттар 30 жыл ішінде қазақ тілі заң ті­ліне ай­нала алмағанын, заң терминдерінде сыңар­жақ­тық, калька аудармалар көп екенін алға тартқан. Осы уақытқа дейін тек 2 заң ға­на қазақ тілінде әзірленіп, қабылданыпты. Олардың сөзінше, бұл мәселе құқық са­ла­сын­дағы күрделі мәселелерді туындатып отыр. Себебі заң ең алдымен орыс тілінде жа­зы­лып, ар­тынша қазақ тіліне аударылады. Екі тілдің таби­ғат­ы әртүрлі болғандықтан, тер­миндердің бірізді бол­мауынан аударма қойыртпақ, түсініксіз мә­тінге айналады. Депутаттар, ең алдымен заң терминдерін бір ізге түсіру керек екенін, екіншіден, олар­дың контексте қаншалықты қиысатынына ре­визия жүргізу, үшіншіден, атқарылған жұмыстардың барлығының қорытындысын қайта талдап, анализден өткізу керек екенін айтады. – Сондықтан бірінші, қазақ тіліндегі бар­лық құқықтық-нормативтік актілердің түп мәтініндегі терминдердің қаншалықты әр­түрлі екеніне ревизия жүргізу. Екінші, мәнмәтіндік қолданыстың үй­ле­сім­ділігін, сөйлемдердің ішіндегі түрлену ерек­шеліктерін анықтау. Үшінші, жасалған жұмыстардың нәти­же­сін сұрыптап, жүйелі анализден өткізу. Сондай-ақ атап айтар маңызды нәрсе, ре­­­визия нәтижесінде қолданыстағы заң­на­ма­ларда анықталған қордаланған сәйкес­сіз­дік­терді жоюдың бірреттік жолын қарастыру ке­рек, – деп жазылған депутаттардың сауа­лында. Үнзила Шапақ, Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» Партиясы Фракциясының мүшесі: Осы күнге дейін қазақ тілінде тек 2 заң қабылданған
– Тәуелсіздік алғалы бері елімізде 3 589 заң қабылданып, қолданысқа енген. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғанымен, 30 жылдың ішінде заты мемлекеттік бола алмады. Заң жобасы орыс тілінде әзірленіп қазақ тіліне аударылатыны жасырын емес. Осы күнге дейін қазақ тілінде тек екі заң жобасы әзірленіп, қабылданған. Атап айтсақ, Тілдер туралы, Көші-қон туралы заңдар ғана. Заңның қазақ тіліндегі мәтініне қатысты сын-пікірлер халық арасында өте көп. Со­ның бірі – заң терминінің бірізділігінің сақ­талмауы. Мемлекеттік тілдің аясындағы кешенді проб­лемалар қазақстандық құқық жүйесі кеңіс­тігінде бір-бірімен сабақтасып, ұш­та­сып соның салдарынан түйткілді мәсе­лелер туындап отыр. Қазақ және орыс тілдері құрылымы тұр­ғы­сынан әртүрлі тілдік топтарға жатады. Заң шы­ғару процесінде осы ерекшеліктер еске­ріл­месе, мәтіндердің мағыналары бұр­ма­ла­нып мәні өзгереді. Бұл жоғарыда аталған сөз­бе-сөз немесе калька аударманың әсері. Мұн­дай кемшілікке жол беруге әсте бол­май­ды. Сондықтан, бірінші кезекте заң жобасы қа­зақ тілінде талқыланып, қабылдануы ке­рек. Қазақ тіліндегі терминқорды қалып­тас­тырудағы кемшіліктерді уақытылы түзетіп, жетілдіріп, терминологиялық жұмыстарды бір орталықтан үйлестіріп, кәсіптік деңгейде жүргізгенде ғана жүйеленген ұлттық терми­но­логиялық қор қалыптасатыны ақиқат. Әсіресе, заңнама терминологиясына келген­де абай болған абзал. Бүгінде қазақ тілі терминдерінің бірың­ғай электрондық базасында (termincom.kz – ред.) 380 мыңнан аса термин бар болса, оның ішінде заңтану саласында 11 139 тер­мин бекітілген. Сол терминдердің өзі жиі өзгеріске ұшы­райды. 2 000-жылдарда бекітілген тер­мин­дердің жартысына жуығы 2020 жылдары қайта жаңартылған. Бір ғана мысал, «обращения» деген ұғым Конс­титуцияда «өтініш» деп айқындалып, қолданыстағы барлық заңнамаларда солай кө­рініс тапқан. 2022 жылы Мемтерком ол ұғым­ды жаңалап «жолданым» деп бекіткен. Сөй­тіп, 2022 жылы қабылданған Әкімшілік рә­сімдік-процестік кодексте, Конс­титу­ция­лық Сот туралы заңда «жолданым» термині енген. Мұндай өзгерістер бұрынғы қолданыс­тағы заңдардың мәтінімен мүлде бірізді, ау­тентикалы бола алмайды. Заң тілі нақтылықты қажет етеді. Мыса­лы, «постоянное местожительство», «тұрғы­лық­ты жер», «тұрғылықты мекен»; «недви­жи­мое имущество», «жылжымайтын мүлік», «қоз­ғалмайтын мүлік» деген баламалар Конс­титуциядан бастап барлық қолданыс­тағы заңнамаларда кездеседі. Өздеріңіз кө­ріп отырғандай, бір заңның ішінде бірізділік сақ­талып отырған жоқ. Туынды заңдарда да жағ­дай осылай. Заңтануда терминдік даралық сипат ал­ған сөздер мен сөз тіркестерінің қызметі ай­­­қындалып, олардың заң өміріндегі өрісі анық­талып, тұрақтануы керек. Әрі қисыны келсін, келмесін халық­ара­лық терминдерді қалайда қазақшалауға ты­­рысқанымыз тағы бар. Аударма терминдердің сырын, болмысын аша отырып, қазақ тіліндегі заңнамалардағы жеке сөздер мен сөз тіркестерінің кон­текс­те­гі қызметі мен жеке тұрғанда білдірер ма­ғынасын жете түсінбей тұрып, бірден ау­дару салдарынан кетер кемшіліктерге, заң­нама мәтініндегі бірізділікке қатысты ол­қылықтарға баса назар аудара келе қор­даланған мәселені шешудің жолын іздестіру керек.