Санжар Досжанов Азия чемпионы атанды

Санжар Досжанов Азия чемпионы атанды

Санжар Досжанов Азия чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Санжар Досжанов (70 кг) елордада өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды деп хабарлады turkystan.kz. Ол финалда өзбекстандық Зафарбек Отакхоновты жеңді. Елордалық балуан 1/8 айналымда оңтүстіккореялық Сук Хон Паркты таза ұтқан. Сосын қырғызстандық Орозобек Токтомбетовпен өте тартысты белдесу өтті. Отандасымыз бұл айқаста да үстем түсіп, жартылай финалға шықты. Осыдан кейін Санжар ирандық Мортеза Хассанәліні сенімді жеңді.