Бүгін барлық өңірде ауа райы бұзылады

Бүгін барлық өңірде ауа райы бұзылады

Бүгін барлық өңірде ауа райы бұзылады
ашық дереккөзі
Бүгін Қазақстанның барлық аймағында ауа райы бұзылады деп хабарлады turkystan.kz.
«Қара теңіз аудандарындағы белсенді циклон елдегі ауа райына ықпал етеді – жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта қарға ауысатын жаңбыр күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, солтүстік-батыста – көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте – шаңды дауыл, найзағай, батыста, орталықта – найзағай, бұршақ күтіледі. Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады», - деп жазды синоптиктер.