Жаңалықтар

Бұршақ жауады: ертеңгі ауа райы

ашық дереккөзі

Бұршақ жауады: ертеңгі ауа райы

14 сәуірде  еліміздің сегіз облысы мен Ақтөбе, Қостанай қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Ақтөбеде күндіз қатты жауын-шашын (жаңбырдың арты қарға ұласады), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қостанайда жауын-шашын (жаңбырдың арты қарға ұласады), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Күндіз Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдап, бұршақ түседі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде 23 м/с дейін жетеді. Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20   м/с болады. Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, ал күндіз өңірдің солтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік бөлігінде, ал түнде солтүстік-батыста солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Орал қаласында күндіз қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Түнде облыстың орталығында, солтүстігінде, күндіз өңірдің басым бөлігінде шаңды дауыл тұрады. Облыстың орталығында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерлерінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей кезде 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Ақтауда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні  - 15-20 м/с. Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен қатты жел соғуы мүмкін.