Еркін күрес: Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір алтын түсті

Еркін күрес: Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір алтын түсті

Еркін күрес: Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір алтын түсті
ашық дереккөзі
Қазақстандық Болат Сақаев (79 келі) еркін күрестен Азия чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстандық балуан финалда өзбекстандық Бекзод Абдурахмановпен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Ол финалға дейін жапониялық Яджуро Ямасаки, ирандық Амир Хосейн Кавусифардан басым түсті. Еске салсақ, бұған дейін Санжар Досжанов өзбекстандық Зафарбек Атахуновты жеңіп, Азия чемпионы атанғанын хабарлаған болатынбыз.