Қарағанды облысындағы ауылдарға қазақша атау беріледі

Қарағанды облысындағы ауылдарға қазақша атау беріледі

Қарағанды облысындағы ауылдарға қазақша атау беріледі
ашық дереккөзі

Ашық НҚА порталында жарияланған құжатқа сәйкес, өңірдегі бірнеше ауылға қазақша атау беріледі деп хабарлады turkystan.kz.

«Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылдық округіндегі Новостройка ауылы «Атамекен» деп қайта аталсын»,— делінген хабарламада.

Сонымен қатар Осакаров ауданының бірнеше ауылдық округі мен ауылдарының атауы да ауысады:

Звездный ауылдық округі – Жұлдыз; Тельман ауылдық округі – Нияз; Звездный ауылдық округіндегі Звездное ауылы – Жұлдыз; Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы – Қайыңды; Қаратомар ауылдық округіндегі Сенакосное ауылы – Қаратомар; Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы – Қаракөл; Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы – Жаңатоған деп өзгертілмек.

Құжат 27 сәуірге дейін көпшілік талқылауында болады.