Жаңалықтар

ҚазҰПУ-да «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтті

ашық дереккөзі

ҚазҰПУ-да «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтті

Абай университетінде ғылым онкүндігі аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтті. Оған ҚазҰАЗУ-дің Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері, PhD докторы Ержан Жұмабек арнайы қонақ ретінде қатысты. Жиынға ұстаздар, студенттер, сондай-ақ Жас зерттеушілер кеңесінің мүшелері ‒ постдокторант Гүлсамал Дюсембина, PhD докторлар Назым Конкабаева мен Алтынай Жакупова қатысты. Кездесуді Жас зерттеушілер кеңесі Коллаборация комитетінің жетекшісі, әдебиеттанушы Әлібек Байбол жүргізді.