СҚО-ның 67 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды

СҚО-ның 67 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды

СҚО-ның 67 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында 67 жастағы Елена Миронюкке іздеу жарияланды. Ол осыдан он күн бұрын үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Өңір волонтерлерінің айтуынша, Елена Миронюк – Петропавл тұрғыны. 67 жастағы әйел 3 сәуір күні сағат 9:00 шамасында облыс орталығындағы Бостандық көшесі, 23 мекенжайындағы үйінен шығып, хабарсыз кеткен. Зейнеткердің бойы 175 см шамасында, шымыр денелі, қысқа ақ шашты, қой көзді. Мойнында көптеген папиллома бар. Сол күні үстінде ақшыл қызғылт түсті бас киім, қара қоңыр түсті тон, жасыл бөкебай, қара бәтеңке болған. Өзімен бірге жеке куәлігін алған, қолында қара сөмкесі бар. Елена Миронюкті көрген-білгендер 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.