Президент ҰҚК төрағасының екі орынбасарын тағайындады

13 сәуір, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Президент ҰҚК төрағасының екі орынбасарын тағайындады Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов тағайындалды. Сондай-ақ Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.